«Головкиннен төмен, Әлімханұлынан жоғары»: Мейірім Нұрсұлтанов әлемдік рейтингте көтерілді

«Головкиннен төмен, Әлімханұлынан жоғары»: Мейірім Нұрсұлтанов әлемдік рейтингте көтерілді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11КО) Boxrec порталының жаңарған рейтингінде жоғарылады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеңіліп көрмеген жапониялық Кадзуто Такесаконы жеңген Мейірім орта салмақтағы үздіктер тізімінде алтыншы орынға көтерілді. Рейтингте қазақстандық Геннадий Головкин (42-2-1, 37КО) көш бастап тұр.

Екінші орында британиялық Лиам Смит (33-3-1, 20КО) тұр. Үздік үштікті оның отандасы кіші Крис Юбэнк (32-3, 23КО) түйіндейді. Төртінші орында мексикалық Хайме Мунгуия (41-0, 33КО), бесінші сатыда доминикандық Карлос Адамес (22-1, 17КО) жайғасқан.

Украиналық Сергей Деревянченко (14-4, 10КО) және кубалық Эрисланди Лара (29-3-3, 17КО) тиісінше 7 және 8-орындарда тұр. Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8КО) тоғызыншы орында тұрса, үздік ондықты Австралия өкілі Майкл Зерафа (31-4, 19КО) түйіндейді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или