Қазақстан құрамасы мерзімінен бұрын Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне шықты

Қазақстан құрамасы мерзімінен бұрын Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне шықты

Бүгін теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы Астанадағы Билли Джин Кинг кубогында Польша құрамасымен кезекті кездесуін өткізіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесудің алғашқы матчында Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Магда Линетті 6-4, 6-2 есебімен жеңді.

Кешегі күннің қорытындысы бойынша кездесудегі есеп біздің құраманың пайдасына 2:0 болды. Осылайша, Елена Рыбакинаның жеңісі Қазақстан құрамасына турнирдің финалдық кезеңіне мерзімінен бұрын шығуға мүмкіндік берді.

Бүгін жекелей сында Юлия Путинцева Вероника Фальковскимен кездеседі. Жұптық сында Анна Данилина мен Гозал Айнитдинова Алисия Росольска/Вероника Фальковскаға қарсы матч өткізеді.

Фото: Андрей Ударцев

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или