Нұрсұлтанов кезекті жекпе-жегі алдында салмақ өлшеді

Нұрсұлтанов кезекті жекпе-жегі алдында салмақ өлшеді

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов бүгін кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол Инчхондағы (Оңтүстік Корея) бокс кешінің басты жекпе-жегінде шаршы алаңға шығады. Қарсыласы жапониялық Кадзуто Такесако (15-0-1, 14 КО).

Қарсыластар Нұрсұлтановқа тиесілі WBO International титулын сарапқа салады. Айта кетейік, боксшылар жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті.

<span></span>

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или