ATP рейтингі: Қазақстандық теннисшілер қай орындарда?

ATP рейтингі: Қазақстандық теннисшілер қай орындарда?

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) жеке және жұптық бәсекенің жаңарған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик қазір 56-орында тұр. Ал Тимофей Скатов 11 позицияға көтеріліп, 144-сатыға жайғасты, Михаил Кукушкин 319-орында тұр. 

Жекелей сындағы рейтингте сербиялық Новак Джокович көш бастап тұр. Екінші, үшінші орынға Карлос Алькарас (Испания) пен грекиялық Стефанос Циципас жайғасқан.

Жұптық сында қазақстандық Андрей Голубев 3 саты төмен сырғып, 68-орынға тұрақтады. Александр Недовесов екі саты көтерілді (70-орын).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или