Билли Джин Кинг кубогы: Путинцева Астанаға келді

Билли Джин Кинг кубогы: Путинцева Астанаға келді

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Билли Джин Кинг кубогы бірінші іріктеу кезеңі аясындағы Польшаға қарсы матчқа қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы спортшы Instagram парақшасында хабарлады. Юлия Қазақстан астанасына келгенін айтып, суретін жариялады.

Айта кетейік, Қазақстан <span>–</span> Польша кездесуі Астанада 14 және 15 сәуірде өтеді. Путинцевадан бөлек Қазақстан құрамасы сапында Ярослава Шведова, Елена Рыбакина, Анна Данилина, Гозал Айнитдинова және Жанель Рүстемова өнер көрсетеді. 

<picture><source type="image/webp" alt="" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202304/162_765609f5000d5a0b0325114cc1fe528e.png" /></picture>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или