Даңқты боксшы Геннадий Головкин 41 жасқа толды

Даңқты боксшы Геннадий Головкин 41 жасқа толды

8 сәуірде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин 41-туған күнін атап өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Былтыр орта салмақтағы WBA Super, IBF және IBO белбеулерінің иегері Головкин супер орта салмақта мексикалық Сауль Альвареспен үшінші кездесуін өткізді. Қыркүйек айында өткен жекпе-жекте мексикалық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Биыл жыл басында GGG коммерциялық тұрғыдан тиімді жекпе-жек іздеп, міндетті қарсыластарымен кездесуден бас тартып, WBA және IBF титулдарынан бас тартуға шешім қабылдады.

Бірақ Геннадий Головкин орта салмақтағы әлем чемпионы атағын ең көп қорғаған боксшы саналады – 22. Сонымен қатар, ол Гиннестің рекордтар кітабына орта салмақ тарихта ең көп нокаутпен жеңіске жеткен боксшы ретінде тіркеліп тұр (82,22 пайыз нокаутпен жеңген).

Prosports.kz ұжымы Геннадий Головкинді туған күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық пен ұзақ өмір тілейді!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или