Евсеев Мексикадағы турнирдің ширек финалына шыға алмады

Евсеев Мексикадағы турнирдің ширек финалына шыға алмады

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Сан-Луис-Потосиде өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші айналымда отандасымыз германиялық Доминик Кепферден 3:6, 2:6 есебімен ұтылды.

Айта кетейік, кездесу небәрі 1 сағат 9 минутқа созылды.

Сан-Луис-Потосидегі турнирдің жүлде қоры 80 000 доллар. Жеңімпаз 10 840 доллар сыйақы мен 75 рейтингтік ұпайға ие болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или