OCTAGON чемпионы қазақстандық файтермен жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады

OCTAGON чемпионы қазақстандық файтермен жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады

Еуразиялық промоушен чемпионы Магомед Магомедов (11-0) OCTAGON 44 турнирінде қазақстандық ММА ардагері Әділ Боранбаевқа (21-9-1) қарсы титулын қорғайды, деп жазады Prosports.kz.

Спортшы аталған жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады.

«Өзімді барлық тұрғыда үздікпін деп санаймын. Қарсылас тәжірибелі, жақсы күреседі. Маған белгілі бір жекпе-жек үшін мотивация керек. Әр жекпе-жегім тәртіп пен тұрақтылықтан тұрады, сол үшін де мен чемпионмын!», - деді Магомедов.

Айта кетейік, Боранбаев 5 наурызда Ташкентте өткен жекпе-жегінде төрешілер шешімімен қырғызстандық Бобур Абдулазизовты (10-9) жеңген болатын.

Ал Магомедов тағы бір тәжірибелі қырғызстандық файтер Санжар Ажибаевты (24-10) қаңтардағы OCTAGON 39 турнирінде мерзімінен бұрын жеңді.

Турнирдің бас серіктесі -<span> </span>UNDERDOG Sports спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или