«Бәрі қорқып қашып кетті». Әлімханұлы титулды жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады

«Бәрі қорқып қашып кетті». Әлімханұлы титулды жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы 13 мамырда Стоктондағы (АҚШ) Stockton Arena-да өтетін канадалық Стивен Батлерге қарсы жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты «Спорт Шредингер» телеграм-арнасына сілтеме жасап.

«Орта салмақтағы барлық бокссшы менен қорқып қашып кетті, сондықтан жекпе-жекке келіскені үшін Стивенге алғыс білдіремін. Осы салмақтағы барлық титулды біріктіргім келеді. Батлер батыл әрі мықы қарсылас, Стоктондағы және ESPN экранынан бізді көретін жанкүйерлерге ұмытылмас шоу көрсетуді асыға күтемін», - деді Әлімханұлы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или