Елена Рыбакина әйгілі Серена Уильямстың тарихи жетістігін қайталады

Елена Рыбакина әйгілі Серена Уильямстың тарихи жетістігін қайталады

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина италиялық Мартина Тревисанды жеңіп, кезекті тарихи жетістікке қол жеткізді, деп жазады Prosports.kz.

Майамидегі турнирдің ширек финалында Рыбакина Тревизанды екі сетте (6:3, 6:0) ұтты. Матч барысында қазақстандық он эйс жасаған. OptaAce мәліметінше, Елена 2020 жылы АҚШ-тың ашық чемпионатында аты аңызға айналған америкалық Серена Уильямс осындай нәтиже көрсеткеннен кейін қатарынан төрт матчта он немесе одан да көп эйсті бағындырған алғашқы теннисші болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или