Рыбакина Майамидегі турнирдің жартылай финалына шықты
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Майамиде (АҚШ) өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ширек финалда отандасымыз италиялық Мартина Тревисанды 6:3, 6:0 есебімен жеңді.
Рыбакина жартылай финалда Д.Пегула (АҚШ) - А.Потапова (Ресей) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Айта кетейік, Майамиде өтіп жатқан WTA-1000 турнирі 2 сәуірге дейін жалғасады, жарыстың жалпы жүлде қоры - 8 800 000 доллар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или