Қазақстандық теннисші Францияда негізгі турнирге жолдама алды

Қазақстандық теннисші Францияда негізгі турнирге жолдама алды

Қазақстандық, әлемнің 343-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Францияда Лилль қаласында өтіп жатқан челленджер турнирінің іріктеу сайысын сәтті өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтау теннис мектебінің түлегі алдымен оңтүстіккореялық Джи-Сун Намды тартысты бәсекеде 6:1, 6:7 (11:13), 6:3 есебімен ұтты.

Содан кейін іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 298-ракеткасы, чехиялық Йонес Форейтекті 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктіріп, негізгі жарысқа жолдама алды.

Бейбіт Жұқаев челленджер додасының алғашқы айналымында әлемнің 99-ракеткасы, аустралиялық Макс Перселмен шеберлік байқасады.

Тағы бір қазақстандық, әлемнің 275-ракеткасы Михаил Кукушкин дүниежүзілік рейтингте 348-орында тұрған франциялық Кенни де Схеппермен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или