Жұқаев Франциядағы турнирдің негізгі кезеңіне өтті
Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Лилльде (Франция) өтіп жатқан Challenger Tour турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Отандасымыз іріктеу кезеңінің финалында Чехия спортшысы Йонес Форейтектен екі сетте басым түсті.
59 минут 35 секундқа созылған кездесу 4:6, 4:6 есебімен аяқталды.
Айта кетейік, іріктеу кезеңінің жартылай финалында Жұқаев оңтүстіккореялық спортшы Джи Сун Намды жеңген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или