Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы командалық есепте сегізінші орын алды
Нью-Делиде (Үндістан) бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан құрамасы алты медаль – екі күміс және төрт қола жеңіп алды.
Күміс жүлде Карина Ибрагимова (57 келі) мен Ләззат Күнгейбаеваға (81 келіден жоғары) бұйырды. Ал Алуа Балқыбекова (48 келі), Надежда Рябец (66 келі), Валентина Хальзова (75 келі) және Фариза Шолтай (81 келі) қола медаль алды.
Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы сегізінші орынға тұрақтады. Үндістан құрамасы бірініш орынға жайғасты.
1. Үндістан - 4-0-0
2. Қытай - 3-1-3
3. Ресей - 1-1-1
4. Италия - 1-1-0
5. Марокко - 1-0-1
5. Тайвань - 1-0-1
5. Бразилия - 1-0-1
8. Қазақстан - 0-2-4
9. Колумбия - 0-2-2
10. Аустралия - 0-2-1
11. Моңғолия - 0-1-1
11. Таиланд - 0-1-1
13. Вьетнам - 0-1-0
14. Франция - 0-0-3
15. Беларусь - 0-0-1
15. Жапония - 0-0-1
15. Оңтүстік Корея - 0-0-1
15. Әзербайжан - 0-0-1.