Елена Рыбакина жеке рекордын жаңартты

Елена Рыбакина жеке рекордын жаңартты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамиде WTA 1000 сериясындағы турнирдің екінші айналымында жеңіске жетіп, өзінің жеке рекордын жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz

Рыбакина турнирдегі алғашқы кездесуінде ресейлік Анна Калинскаяны 7:5, 4:6, 6:3 есебімен ұтты. Бұл қазақстандық теннисшінің қатарынан тоғызыншы жеңісі болды. Бұған дейін Рыбакина жеті кездесуден тұратын жеңіс сериясына ғана қол жеткізген.

Еске салайық, биыл 20 наурызда Елена Рыбакина өзінің алғашқы WTA 1000 титулын жеңіп алған. Ол Индиан-Уэллстегі (АҚШ) турнирдің финалында беларусьтік Арина Соболенконы жеңген болатын.

Фото: WTA 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или