Әлемнің бірінші ракеткасы Астанадағы Билли Жан Кинг кубогында ойнамайтын болды

Әлемнің бірінші ракеткасы Астанадағы Билли Жан Кинг кубогында ойнамайтын болды
Әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентек 14-15 сәуірде өтетін Билли Жан Кинг кубогының іріктеу кезеңіне қатыса алмайтынын мәлімдеді.

Польша құрамасы Астанада Қазақстанмен ойнайды. Теннисшінің мұндай шешім қабылдауына қабырғасына келген зақым себеп болған.

"Бұл шешімді қабылдау қиын болды, бірақ мен ең бастысы денсаулық екенін білемін. Дохадағы турнир кезінде де, одан кейін де инфекциямен күрескенімді білесіздер. Осыдан кейін маған ойнауға рұқсат етілді, бірақ қатты жөтел қабырғаға зақым келтірді. Өкінішке қарай, мен әлі де ыңғайсыздық пен қатты ауырсынуды сезінемін. Дәрігерім диагнозды айтып, емдеу жоспарын дайындады. Мен 100% қалпыма келуім үшін үзіліс жасауға мәжбүрмін", - деп жазды Ига Швентек әлеуметтік желіде.

Командалық әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Польшамен өтетін матчқа қатысатын Қазақстан құрамасынан Елена Рыбакина бастаған ойыншылар қатысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или