Қазақстандық боксшы әйелдер арасындағы әлем чемпионатының ширек финалына шықты
Қазақстандық боксшы Надежда Рябец 2023 жылы Нью-Делиде (Үндістан) өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
66 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда қазақстандық Доминикан Республикасының өкілі Мария Моронта Эрнандеспен кездесіп, төрешілер шешімімен ұтты.
Еске салайық, Рябец үш дүркін Қазақстан чемпионы және жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или