Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы төртінші жекпе-жегінде жеңіске жетті

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы төртінші жекпе-жегінде жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Әлихан Төленбаев (3-0, 2 КО) Алматыда өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Төленбаев қырғызстандық дебютант Мускат Осмоновпен жекпе-жекке шықты. Бұл жекпе-жек жартылай орта салмақта жасөспірімдер арасында өтіп, төрт раундқа жоспарланған болатын. Төрешілердің шешімімен қазақстандықтың пайдасына аяқталды.

Осылайша, Әлихан Төленбаев проф рингтегі төртінші жеңісіне қол жеткізді, Мускат Осмонов кәсіпқой мансабын жеңіліспен бастады.

Еске салайық, бүгінгі бокс кешінің хедлайнері қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (26-0, 19 КО) болады - ол мексикалық Алехандро Менесеспен (16-5, 9 КО) IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или