Теннистен ӘЧ: іріктеу кезеңінде Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қарсыластары анықталды

Теннистен ӘЧ: іріктеу кезеңінде Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қарсыластары анықталды

Малайзияның Кучинг қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионаты Азия - Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу кезеңінің топтық бәсекелері басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, іріктеу сайысын алғашқы болып қыздар бастады.

Жеребе қорытындысына сәйкес Қазақстан жасөспірімдер құрамасы А тобына түсті. Онда Аустралия, Жаңа Зеландия және қытайлық Тайбэй құрамаларымен ойнайды.

Бүгін қыздар Жаңа Зеландия және Тайбэй құрамаларымен сынға түседі.

Қазақстан намысын мына спортшылар қорғайды:

Ева Корышева (Ақтөбе);

Сәбина Шухратова (Шымкент);

Еркежан Жаңатаева (Алматы).

Команда капитаны - Мәдина Рахым.

Командалық әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысатын 16 команда төрт топқа бөлінген. Әр топтан плей-офф сатысына екі команда шығады. Сосын олар финалдық кезеңге берілетін жолдаманы сарапқа салады. Азия - Тынық мұхит аймағынан ұлдар арасында 4, қыздарда 3 жолдама иесі анықталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или