О43 турнирінің прелимдегі үш жекпе-жегі анықталды

Еуразиялық жекпе-жек промоушені OCTAGON 43 турнирінің алдын ала картасының үш жекпе-жегіне қатысушыларды таныстырды, деп жазады Prosports.kz
66 келіге дейінгі санатта өзбек жауынгері Ислам Юраев (2-0) және Қазақстан өкілі Қожахмет Иманғали (2-0) көрермендерді тордағы өнерімен қуантады.
Жеңіл салмақта тағы бір жекпе-жек Аббас Хайдаров (1-0) мен Бейбітжан Қобланов (2-0) арасында өтеді.
Сондай-ақ, жеңіл салмақта екі қазақстандық файтер Батыл Қуанышбай (1-0) және Тимур Қуаныш (1-0) кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или