UFC 286: Эдвардс - Усман жекпе-жегінің үздік сәттері

Prosports.kz назарларыңызға Лондонда өткен UFC 286 турнирінің басты жекпе-жегінің видеосын ұсынады. Жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы және экс-чемпионы Леон Эдвардс пен нигериялық Камару Усман кездескен.
Жекпе-жек 49:48, 49:48, 47:47 есебімен төрешілердің басым бөлігінің шешімімен британдық файтер жеңісімен аяқталды.
Леон Эдвардс чемпиондық белбеуді сақтап қалды.
Эдвардстың екі жеңісі бар, Усман Леонды бір рет жеңді.