русский язык
Теннис

Қазақстандық теннисші Швейцариядағы турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Швейцариядағы турнирдің финалына шықты

Қазақстандық Бейбіт Жұқаев Швейцарияның Тримбах қаласында өтіп жатқан ITF турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтау теннис мектебінің түлегі, осы жарыстың бесінші, әлемнің 318-ракеткасы Б.Жұқаев алдымен швейцариялық Ян Себестаны 7:6 (9:7), 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Содан кейін екінші айналымда италиялық Марселло Серафиниді (508 АТР) 6:3, 3:6, 6:3 есебімен ұтты. Ширек финалда ресейлік Ян Сабанинді (1177 АТР) жолдан тайдырды – 6:4, 7:6 (7:5).

Жартылай финалда Бейбіт доданың бірінші, әлемнің 250-ракеткасы, аустриялық Максимилиан Нойхристі 6:3, 6:4 есебімен қапы қалдырды.

Б.Жұқаев финалда турнирдің екінші, әлемнің 258-ракеткасы, Польша өкілі Каспер Жукпен бас жүлдені сарапқа салады. К.Жук жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 267-орында тұрған германиялық Даниэль Мазурды жеңді – 3:6, 6:3, 7:5.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;