Еуропа чемпионаты: Қазақстан – Словения матчын қайдан көруге болады
Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысындағы Қазақстан - Словения кездесуінің қазақстандық қай телеарнадан көрсетілетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ел құрамасы құрлықтық додада H тобында сынға түседі.
Қарсыластары - Дания, Словения, Финляндия, Солтүстік Ирландия және Сан-Марино.
Қазақстандық футболшылар 23 наурызда елордада Словения құрамасын қабылдайды.
Қазақстан - Словения кездесуі елорда уақытымен 20:50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или