Қазақстан кубогы: Іріктеу матчтарының тікелей трансляциясы

18 наурызда Шымкентте футболдан Қазақстан кубогы алғашқы іріктеу кезеңінің С тобындағы 1-тур ойындары өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Астана уақытымен сағат 12:00-де шымкенттік «Қыран» жезқазғандық «Ұлытаумен» кездеседі.
Елорда уақытымен сағат 15:00-де Шымкенттің тағы бір командасы «Академия Оңтүстік» астаналық SD Family командасымен кездеседі.
Екі кездесу де «БИІК» стадионында өтеді.