Рыбакина АҚШ-тағы турнирдің жартылай финалында әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Индиан-Уэллсте (АҚШ) өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жартылай финалда отандасымыз әлемнің бірінші ракеткасы Ига Свентекті жеңді.
Елена бірінші сетте 6:2 есебімен жеңіске жетті. Отандасымыз қарсыласын екінші сетте де дәл осындай есеппен жеңіп, кездесуді аяқтады.
Индиан-Уэллстегі турнирдің финалында Рыбакина беларусьтік Арина Соболенкомен кездеседі.
Ига Свентек (Польша) – Елена Рыбакина (Қазақстан) 2:6, 2:6
Эйс: 1:7
Брейк: 1:5
Кездесу уақыты:1 сағат 16 минут