ММА

«Мен ештеңе сұраған жоқпын». Шавкат Рахмонов спорт министрінің шәкіртақысы туралы айтты

«Мен ештеңе сұраған жоқпын». Шавкат Рахмонов спорт министрінің шәкіртақысы туралы айтты

Қазақстандық ең үздік файтер Шавкат Рахмонов ҚР Спорт министрі Асхат Ораловпен кездесуі туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz «Вестник ММА» Youtube-арнасына сілтеме жасап.

– Сіз кеше Спорт министрімен кездесіп, ол сізді қаржыландыруға уәде берді. Бұл спорттың болашағы үшін зор жаңалық, өйткені, менің білуімше, Қазақстанда ММА мемлекет тарапынан мүлде демеушілік көрмеген.

– Жоқ, әрине, кәсіби спортшыларға ерекше демеушілік көрсетілмейді. Ондай заң жоқ. Әуесқой ретінде жарысқа түскенімде, мемлекет тарапынан қандай да бір қолдау болды. Жалпы, кәсіби файтерлерге мемлекет тарапынан қандай да бір қолдау көрсетілсе, бұл өте жақсы болады деп ойлаймын, өйткені біз Қазақстан атынан шығамыз. Кеше кездестік, сөйлестік, таныстық. Мен ештеңе сұрамадым, олар тек қолдау көрсеткісі келді. Қолдау көрсеткісі келсе, тіпті жақсы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0