Елена Рыбакина: Өмірге нақты қараймын, егер үздік ойын көрсетсем, жеңуге мүмкіндік бар

Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің ширек финалында чехиялық Каролина Мухованы 7:6 (7:4), 2:6, 6:4 есебімен ұтқан қазақстандық теннисші өз спорттық жолында алғаш рет осы ірі жарыстың жартылай финалына шықты.
«Матч өте қиын болды. Ойын мен үшін сәтсіз басталды. Әдеттегіден жай қимылдадым. Каролина мықты ойнады, дегенмен маңызды тұстарда мен шеберлігімді таныта білдім. Алда Игамен жартылай финал. Ауыр матч болатыны сөзсіз, дегенмен мен өмірге нақты қараймын, егер үздік ойын көрсетсем, жеңуге мүмкіндік бар», - деді Елена Рыбакина