Анна Данилина АҚШ-тағы турнирдің алғашқы айналымында сүрінді

Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина АҚШ-та өтіп жатқан турнирдің екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Отандасымыз америкалық Эйже Мухаммадпен бірге өнер көрсетті.
Олар Луиза Стефани (Бразилия)/Габриэла Дабровски (Канада) жұбынан 6:1, 6:3 есебімен жеңіліп, жұптық сындағы жарыс жолынан шығып қалды.