Ең қымбат футболшылар іріктіліп алынған Дүниежүзі құрамасының тізімі жарияланды

Ең қымбат футболшылар іріктіліп алынған Дүниежүзі құрамасының тізімі жарияланды

Ең қымбат және әйгілі футболшылардан тұратын Дүниежүзі құрамасының тізімі жарияланды. Бұл тізімнің көшбасынан француздық "ПСЖ-ның" шабуылшысы Килиан Мбаппе орын тепті, оның құны 180 миллион евроға бағаланады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлемнің ең қымбат футбол құрамасы тізіміне барлығы 11 спортшы ілінген, ал бұл команданың жалпы құны - 1,17 миллиард евроны құрайды, деп хабарлайды Transfermarkt.

Дүниежүзілік футбол құрамасының толық тізімі келесідей:

Қақпашы: Тибо Куртуа ("Реал", 60 миллион евро)

Қорғаушылар: Маттейс де Лигт ("Бавария", 70 млн), Йошко Гвардиол ("РБ Лейпциг", 75 млн) және Рубен Диаш ("Манчестер Сити", 75 млн).

Жартылай қорғаушылар: Педри ("Барселона", 100 млн), Джамал Мусиала ("Бавария", 100 млн), Джуд Беллингем ("Боруссия", 110 млн) және Филип Фоден ("Манчестер Сити", 110 млн).

Форвардтар: Винисиус Жуниор ("Реал", 120 млн), Эрлинг Холанд ("Манчестер Сити", 170 млн) және Килиан Мбаппе ("ПСЖ", 180 млн).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0