русский язык
ММА

Атырауда танымал файтерлердің қатысуымен Mergen FC 4 турнирі өтеді

Атырауда танымал файтерлердің қатысуымен Mergen FC 4 турнирі өтеді

16 наурызда «Жайық» спорт кешенінде аралас жекпе-жектен Mergen FC 4 турнирі өтеді.

Турнирде қазақстандық файтерлермен қоса, шетелдік спортшылар да қатысады. Нақтырақ айтқанда, Қуат «Найман» Хамитов, Нұрберген Шәріпов, Акоп Степанян, Қанат Келдібеков, Исатай Теміров, Эдил Эсенгулов және тағы басқалары.

Кеште екі бірдей титулдық жекпе-жек жоспарланған. Аса жеңіл салмақта Талғат Жұмағалиев (9-4-1) ресейлік Джохар Эскиевпен (9-3) кездеседі.

66 салмақтағы чемпиондық белбеуді Шыңғыс Камал (3-0) мен Назарбек Әлімжанов (3-0) бәске салады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;