Карло Анчелотти Мбаппенің «Реалға» ауысуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді

«Реал Мадрид» бас бапкері Карло Анчелотти Мбаппенің «Реалға» ауысуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
<span>Былтыр француз ПСЖ-мен келісімшарт мерзімі аяқталған соң «Реалға» ауысады деген ақпарат шыққан болатын. Бірақ шабуылшы париждік клубпен жаңа келісімшарт жасасқан еді.</span>
<span>Бірнеше күн бұрын Франция чемпионы мюнхендік «Бавариядан» 2:0 есебімен жеңіліп, турнирдің 1/8 финалында жарыс жолынан шығып қалған болатын. </span><span>Содан кейін Мбаппенің трансфері туралы ақпарат шыға бастады. Алайда Карло Анчелотти әлемнің вице-чемпионына қатысты сұрақтарға жауап бергісі келмейді.</span>
«Мбаппенің трансфері? Сіз маған бұл сұрақты бүгін, екі аптадан кейін немесе үш айдан кейін қоя аласыз, бірақ мен оған ешқашан жауап бермеймін », - деп келтіреді Анчелоттидің сөзін Marca.