«Астана» капитаны алдағы «Ақтөбеге» қарсы матч туралы пікір білдірді
![«Астана» капитаны алдағы «Ақтөбеге» қарсы матч туралы пікір білдірді](https://prosports.kz/upload/news/content//202303/472_2237dd747097f74aa5b7165142febced.jpg?v=28700797)
«Астана» капитаны Абзал Бейсебеков «Жетісумен» өткен ойынды қорытындылап, «Ақтөбеге» қарсы өтетін кездесуден не күтетін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
– Алматыдағы ойын оңай болған жоқ, бапкерлер штабы қойған нұсқауларды толықтай іске асырдық. Оң нәтижеге жетіп, елордаға жеңіспен оралғанымызға өте қуаныштымыз.
– Келесі кездесу «Ақтөбемен» өтеді. Бұл ойын туралы не айтасыз?
– Бұл өз алаңымызда өтетін маңызды матч, бізге жанкүйерлеріміздің қолдауы керек. Өз тарапымыздан көңілден шығар ойын өткізіп, үш ұпай алу үшін бар күшімізді саламыз. Баршаңызды аталған ойында күтеміз.