Мамаду Мбоджи: Әр ойында жеңіске жетеміз деп сенемін

«Ордабасы» қорғаушысы Мамаду Мбоджи Prosports.kz тілшісі Бекарыс Әлімханға берген сұхбатында Қазақстан Olimpbet-Чемпионатының 2-туры аясында өткен «Шахтерге» (4:1) қарсы матчты қорытындылады.
– Мамаду, жеңіс құтты болсын! Ойын жайлы пікіріңді айтсаңыз.
– Көп рахмет! Жақсы ойын болды, басынан бастап ойынды өз қолымызға ала білдік. Біз үшін бұл кездесуде жеңіске жету өте маңызды еді. Алдағы уақытта да әр ойында жеңіске жетеміз деп сенемін.
– «Ордабасы» сапындағы алғашқы голыңызды соқтыңыз. Қандай әсердесіз?
– Жаңа командам сапында гол соққаным үшін қуаныштымын. Алдағы уақытта шымкенттік клубтың жанкүйерлерін өз ойыныммен қуантамын деп сенемін.
– «Астана-Аренадағы» алаң сапасы жайлы не айта аласыз?
– Жасанды алаң болғанына қарамастан, нашар ауа-райында Қарағандыда ойнағаннан әлдеқайда жақсы екенін атап өту керек. Осындай жақсы стадионда, жақсы алаңда ойнау маңызды болды.