ПСЖ бас бапкерін қызметінен босатуы мүмкін

ПСЖ бас бапкерін қызметінен босатуы мүмкін

«ПСЖ» президенті Насер Әл Хелайфи Чемпиондар лигасының 1/8 финалында «Бавариядан» жеңіліп қалған париждік команданың бас бапкері Кристоф Гальтьені жақын арада қызметінен босатуы мүмкін, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz тілшісі matchtv.ru сайтына сілтеме жасап.

Дереккөздің мәліметінше, клуб басшысы германиялықтарға қарсы екі матчтық текетірестегі команданың ойынына көңілі толмаған. Сондай-ақ, Әл Хелайфи ПСЖ екі матчта да гол соға алмағанына наразы. Париждіктер екі кездесуді 0:1 және 0:2 есебімен аяқтады.

Айта кетейік, бұл қызметке үміткерлердің бірі команданы 2018-2020 жылдар аралығында басқарған ПСЖ-ның бұрынғы бас бапкері Томас Тухель.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или