«Челси» дортмундтық «Боруссияны» жеңіп, Чемпиондар лигасының ширек финалына жолдама алды

«Челси» Чемпиондар лигасының жүлдесі үшін талас жалғастырады. Лондонда британдықтар алғашқы кездесуде жеңіліп қалған (0:1) Дортмундтық «Боруссияны» (2:0) ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Челси» үзіліске есепте басымдықпен кетті. 43-минутта Рахим Стерлинг командасын омандасын алға шығарды. Қай Хаверц екінші таймның басында «Челсидің» басымдығын еселеді.
Осылайша, Грэм Поттер шәкірттері Чемпиондар лигасының ширек финалына жолдама алды.