АҚШ-та өтетін Индиан-Уэллс мастерс турнирінің жеребесі тартылды

АҚШ-та ерлер және әйелдер арасында 9 наурызда басталатын Индиан-Уэллс мастерс турнирінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, еліміздің бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина жарысты екінші айналымнан бастайды.
Елена бастапқы кездесуін қос америкалық Слоан Стивенс – Софья Кениннің қай жеңгенімен өткізеді.
Әлемнің 42-ракеткасы Юлия Путинцева алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 76-орында тұрған чехиялық Каролина Муховамен кездеседі.
Жұптық сында Қазақстан намысын Анна Данилина қорғайды.
Ерлер арасындағы Индиан-Уэллс додасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 46-ракеткасы Александр Бубликтің қарсыласы кейін анықталады. Ол іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірімен ойнайды.