Томашевич «Астана» сапындағы 50-кездесуін өткізді

Черногориялық қорғаушы Жарко Томашевич «Астана» сапындағы мерейтойлық матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы елордалық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Томашевич «Астана» сапында 50 матч өткізді. 2019 жылдан бастап қорғаушы Қазақстан чемпионы және суперкубок иегері атанды. Команда сапында 4 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.