ҚПЛ-дың 1-турындағы көрермен ең көп жиналған матч белгілі болды

ҚПЛ-дың 1-турындағы көрермен ең көп жиналған матч белгілі болды

Қазақстан Премьер-лигасы 2023 жылғы маусымының бірінші тур матчтары аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Чемпионаттың алғашқы туры 28 600-ге жуық көрермен жинады.

Бірінші турда көрермен ең көп жиналған матч Шымкенттегі «Ордабасы» – «Каспий» (3:1) ойыны болды, матчты 10 мыңға жуық жанкүйер тамашалады.

Орталық стадионда өткен «Қайрат» - «Атырау» (2:2) кездесуіне 6 мыңға жуық көрермен келді.

«Қайсар» - «Қызыл-Жар» ойыны 3,8 мыңға жуық жанкүйер жинады. «Астана Аренада» өткен «Астана» - «Шахтер» матчын 3,5 мың, Қостанайда «Тобыл» - «Ақсу» кездесуін 2,5 мыңға жуық, «Мақтаарал» - «Оқжетпес» матчын 2 мың жанкүйер тамашалады.

Жанкүйерлер ең аз жиналған матч «Жетісу» мен «Ақтөбе» кездесуі болды – ойынды тамашалауға 800 жанкүйер келді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или