Мбаппе «ПСЖ» тарихындағы үздік сұрмерген атанды

Мбаппе «ПСЖ» тарихындағы үздік сұрмерген атанды

Франция чемпионатының 26-шы турының матчы аяқталып, ПСЖ «Нант» командасын 4:2 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осы кездесудегі париждіктердің соңғы голын шабуылшы Килиан Мбаппе соғып, соның арқасында ол өз командасының тарихындағы үздік бомбардир атанды.

24 жастағы шабуылшы үшін «Нант» қақпасына соққан гол оның клуб сапындағы 247-ші матчындағы 201-ші гол болды. Осылайша, Мбаппе командасы сапында 200 голы бар бұрынғы бомбардир Эдинсон Каваниді басып озды.

Жалпы, Мбаппе осы маусымда ПСЖ сапында барлық жарыстарда 30 гол соғып, 8 нәтижелі пас берді. Катарда өткен әлем чемпионатында шабуылшы сегіз гол соғып, Лионель Мессиді (жеті гол) басып озып, турнирдің үздік сұрмергені атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или