UFC Шавкат Рахмоновтың статистикасын еске салды

UFC-дің Инстаграмдағы орыстілді парақшасы алдағы демалыста Лас-Вегаста өтетін UFC 285 турнирі алдында Шавкат Рахмоновтың статистикасын еске салды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«100% жеңіс, 100% финиш!» – делінген жазбада.
Шавкат кәсіпқой ММА карьерасында 16 жекпе-жектің бәрінде жеңіске жеткен. Барлық қарсыласын мерзімінен бұрын жеңген болатын.
Қазақстан уақытымен 5 наурызда таңда «Номад» UFC рейтингінің жартылай орта салмақтағы 7-нөмірі америкалық Джефф Нилмен кездеседі.
Фото