Теннис

Евсеев Техастағы «Челленджердің» іріктеу финалына шықты

Евсеев Техастағы «Челленджердің» іріктеу финалына шықты

Денис Евсеев Вако қаласында (АҚШ) өтіп жатқан ATP Challenger Tour Texas Tennis Classic турнирінің іріктеу финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Іріктеудің жартылай финалында қазақстандық теннисші америкалық Натан Поневитті 6:2, 6:3 есебімен жеңді.

Матч 1 сағат 6 минутқа созылды.

Техастағы турнирдің негізгі кезеңіне жолдама алу үшін Денис Евсеев аустриялық Филипп Мисольичпен күш сынасады.

Фото ktf.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0