Бубликті жеңген Хуркач Марсельдегі турнирде топ жарды

Польшалық теннисші Хуберт Хуркач Марсельде (Франция) өткен ATP 250 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Финалда әлемнің 11-ракеткасы ATP рейтингісінде 60-орында тұрған франциялық Бенжамен Бонзиден басым түсті.
1 сағат 32 минутқа созылған кездесу 6:3, 7:6 (7:4) есебімен аяқталды.
26 жастағы Хуркач мансабындағы алтыншы, осы маусымдағы алғашқы титулды иеленді.