русский язык

Григорий Бабаян: Ойынға сүйенетін болсақ біз жеңіске көбірек лайықты болдық

Григорий Бабаян: Ойынға сүйенетін болсақ біз жеңіске көбірек лайықты болдық

«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян Қазақстан OLIMPBET-Суперкубогы үшін ойындаға жеңісті қорытындылады.

- Барлық жанкүйерлерді маусымның басталуымен құттықтаймын. Бүгін жүлде үшін күрес болды, эмоциялар басым болды, маусымның басындағы толқу әсер етті.

Бірінші таймда және ойынның екінші бөлігінің алғашқы 15 минутында біз ойынды жақсы ұйымдастардық, гол соғуға мүмкіндіктер жасадық. Иә, қорғаныста 2-3 қателік жіберілді, бірақ маған жаңа маусымда алғашқы ойынды өткізгенімізді ескере отыра, команданың ойын өрнегін ұнағанын айта аламын.

Бірақ бұндай сезім тек 60 минут болды. Ойынның соңғы 30 минутында нашар ойнадық, ойын тізгінін жіберіп алып, қарсыласқа басымдылықты беріп қойдық.

«Ордабасы» осыны пайдаланды, қауіпті сәттері ұйымдастырды. Олар жағдайды ойыншыларды ауыстырып түзетуге тырысты, схеманы өзгертті, ойынды кері бұруға тарысты, сол себепті соңғы 30 минут біз үшін нашар болды. Ойынға сүйенетін болсақ біз жеңіске көбірек лайықты болдық.

Түпнұсқасы: pflk.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;