Чемпиондар лигасы: «Интер» «Портуды» жеңді, «РБ Лейпциг» пен «Ман Сити» тең ойнады

22 ақпанда Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясында германиялық «РБ Лейпциг» пен англиялық «Манчестер Сити», италиялық «Интер» мен португалиялық «Порту» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Интер» өз алаңында «Портуды» 1:0 есебімен жеңді. Жалғыз голды ойын соңына қарай шабуылшы Ромелу Лукаку соқты.
«Интер» (Милан, Италия) – «Порту» (Португалия) 1:0 (0:0)
Гол соққан: 1:0 – Лукаку (86)
Параллель өткен матчта «РБ Лейпциг» өз алаңында «Манчестер Ситимен» тең ойнады. Есеп — 1:1.
«РБ Лейпциг» (Германия) – «Манчестер Сити» (Англия) 1:1 (0:1)
Гол соққандар: 0:1 – Марез (27), 1:1 – Гвардиол (70)
Командалар арасындағы қарымта ойын 14 наурызда өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или