Бокс

Дэнни Гарсия: Головкин мен Альвареспен жұдырықтасқым келеді

Дэнни Гарсия: Головкин мен Альвареспен жұдырықтасқым келеді

Екі салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы әлем чемпионы америкалық Дэнни Гарсия болашаққа деген орасан жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

34 жастағы боксшы алдымен кубалық Эрисланди Ларамен кездесіп, одан кейін Сауль Альварес пен Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуді көздеп отыр.

«Ларамен жекпе-жек бізге керек. Мен онымен орта салмақтағы титул үшін жұдырықтасқым келеді. Үш салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы болғым келеді. Бұл менің арманым.

Одан кейін үлкен жекпе-жек өткізгім келеді. Маған Эррол Спенспен реванш керек. Сондай ақ, Канело мен Геннадий Головкинмен жұдырықтасқым келеді», - деді Гарсия YSM Sports Media Youtube арнасына берген сұхбатында.

Бұған дейін Дэнни Гарсия бірінші жартылай және орта салмақта әлем чемпионы болған. Қазір америкалық боксшы бірінші орта салмақта өнер көрсетуде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0