«Страндж-2023»: Ерасыл Таңқай қарсыласын нокаутпен жеңді
Қазақстандық Ерасыл Таңқай Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан бокстан халықаралық «Страндж-2023» турнирінде алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ел құрамасынан бірінші болып рингке шыққан ол, 60 келі салмақта италиялық Даниэле Салерномен қолғап түйістірді. Жекпе-жек барысында ол қарсыласын үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Екінші және үшінші раундтарда Италия боксшысын нокдаунға да жіберген еді.
Осылайша ол жарыстың 1/8 финалына жолдама алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или