Страндж кубогында бақ сынайтын боксшыларымыз анықталды

Страндж кубогында бақ сынайтын боксшыларымыз анықталды

Болгария астанасы София қаласында бокстан Страндж кубогі жалауын көтереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған жарыста қазақстандық 13 былғары қолғап шебері ел намысын қорғайды. Олардың қатарында Асланбек Шымбергенов, Нұрқанат Райыс, Бекзад Нұрдәулетов, Қамшыбек Қоңқабаев сынды тәжірибелі спортшылар бар.

Қазақстан құрамасының аталған турнирге қатысатын толық тізімі төмендегіше:

Ернұр Қайрат (48 келі)

Кенже Мұратұлы (51 келі)

Бекзат Алдамжаров (54 келі)

Оразбек Асылқұлов (57 келі)

Ерасыл Таңқай (60 келі)

Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі)

Темірхан Тезек (67 келі)

Асланбек Шымбергенов (71 келі)

Нұрқанат Райыс (75 келі)

Бекзад Нұрдәулетов (80 келі)

Бекзат Таңатаров (86 келі)

Абзал Құттыбеков (92 келі)

Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары).

Халықаралық турнир 19-27 ақпан аралығында өткізіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или