«Реал Мадрид» Бенземаның орнына Влахович пен Ришарлисонды қарастырып жатыр

«Реал Мадрид» Бенземаның орнына Влахович пен Ришарлисонды қарастырып жатыр
news-banner7
mobile-news-top

«Реал Мадрид» Душан Влахович пен Ришарлисонға қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sports.ru сайтына сілтеме жасап.

ESPN мәліметінше, клуб шабуыл шебін күшейтуді жазғы трансфер кезеңіндегі негізгі мақсат ретінде қарастырады. Команда «Ювентус» шабуылшысы Влахович пен «Тоттенхэм» шабуылшысы Ришарлисонды Кәрім Бенземаның орнына қарастырып жатыр. Бензема жарақатына байланысты осы маусымда лигадағы 20 ойынның 12 ойнады.

Қазіргі уақытта 35 жастағы шабуылшыны ​​Мариано Диас алмастырып жүр. Диас 2023 жылдың жазында келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін клубтан кетеді деп хабарланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0