«Тобыл» бас бапкері Грузияның 18 дүркін чемпионын қалай жеңгенін айтты

«Тобыл» бас бапкері Грузияның 18 дүркін чемпионын қалай жеңгенін айтты
news-banner7
mobile-news-top

«Тобыл» бас бапкері Милич Чурчич Түркиядағы оқу-жаттығу жиынындағы грузиялық «Динамоға» (2:1) қарсы жолдастық ойын туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

— Бұл біздің Түркиядағы алғашқы матчымыз. Бірінші таймда команда жақсы футбол көрсетті, қорғаныста тәртіп болды, қозғалыс тұрғысынан команда жақсы көрінді. Екінші таймда біз он адамды ауыстырдық, басқа команда шықты. Жас футболшылар көбірек ойнады. Өкінішке орай, екінші таймда қарсыласқа көп мүмкіндік берілді.

Жалпы, біз көптен бері ойнамағанымызды ескере отырып, жақсы матч өткіздік деуге болады. Бұл кезеңде ойыншыларға жүктеме арттыру, тактикалық байланыстарды ойнату маңызды. Менің ойымша, бұл ойында біз жоспарды орындадық, - деді бас бапкер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0