Әлем футболы

Бүгін футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионаты басталады

Бүгін футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионаты басталады
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Мароккода футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионаты жалауын көтереді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Дүбірлі дода 1-11 ақпан аралығында алты құрлықтан жиналған 7 команда бақ сынайды.

Олардың қатарында «Фламенго» (Бразилия), «Реал Мадрид» (Испания). «Аль-Хиляль» (Сауд Арабиясы), «Видад» (Марокко), «Сиэтл Саундерс» (АҚШ), «Окленд Сити» (Жаңа Зеландия) және «Аль-Ахли» (Египет) командалары бар.

Жарыстың алғашқы күнінде «Аль-Ахли» мен «Окленд Сити» кездеседі.

Ал 4 ақпанда «Видад» пен «Аль-Хиляль» шеберлік байқасса, «Сиэтл Саундерс» «Аль-Ахли» және «Окленд Сити» жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Жартылай финалда 7 ақпанда «Фламенго» «Видад» және «Аль-Хиляль» жұбының жеңімпазымен кездессе, «Реал Мадрид» «Сиэтл Саундерс»/«Аль-Ахли»/«Окленд Сити» арасындағы кездесулердің жеңімпазымн жасыл алаңға шығады.

Турнирдің 3-орын үшін сайыс пен финалы 11 ақпанға белгіленген.

Ойындардың барлығы «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Аталған турнир 2000 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұған дейін 11 команда жеңімпаз атанды.

Атап айтқанда, Испанияның «Реал Мадрид» клубы - 4, «Барселонасы» - 3, Бразилияның «Коринтиансы» мен Германияның «Бавариясы» -2, Англияның «Ливерпуль», «Челси», «Манчестер Юнайтед», Бразилияның «Интернасьонал», «Сан-Паулу», Италияның «Милан» және «Интернационале» командалары бір-бірден жеңімпаз тұғырына көтерілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер